Шарипова танымал жанкүйерін бірге жаттығу өткізуге шақырды

Шарипова танымал жанкүйерін бірге жаттығу өткізуге шақырды

Қазақстандық бокстан үш салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы Фируза Шарипова Сабрина Ван Даммды ММА-дағы дебютімен құттықтап, бірлескен жаттығуға шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Сабрина, жеңісің құтты болсын! 10 секунд, бұл өте керемет! Жақында Санкт-Петербургке оралып, сізді жаттығуға шақырамын. Сен маған аяғықпен жұмыс істеуге көмектес, ал мен саған соққы жасау техникасын жақсартуға көмектесемін. Сәттілік», - деп жазды Фируза Шәріпова Instagram желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Сабрина Ван Дамм 28 мамырда Мәскеуде ММА бойынша дебют жасаған болатын. «Битва чемпионов 40» турнирінде ол Татьяна Неяскинаны 10 секундта нокаутқа түсіріп, «Колизей» промоушенінің чемпионы атанды. Бұған дейін спортшы Фируза Шарипова өзінің кумирі екенін айтқан. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или