Маусым айында қазақстандық үш боксшы рингке шығады

Маусым айында қазақстандық үш боксшы рингке шығады

Маусым айында үш қазақстандық боксшы кәсіпқой рингте өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

3 маусымда Германияның Эбербах қаласында өтетін бокс кешінде жеңіліп көрмеген қазақстандық Александр Ковригин (6-0, 4КО) мен Виктор Темиров (3-0, 3КО) өнер көрсетеді.

Александрдың қарсыласы польшалық Петр Гудель (10-9-1, 1КО) болады. Спортшылар екінші жеңіл салмақ дәрежесінде BDB International белбеуін сарапқа салады.

Виктор Уганда өкілі Музамиру Какандемен (4-0, 2КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек жартылай орта салмақта дәрежесінде өтеді.

9 маусымда Буэнос-Айресте (Аргентина) Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері (2012, 2016) Иван Дычко (12-0, 11КО) шаршы алаңға шығады.

Қазақстандық аса ауыр салмақ боксшы жергілікті спортшы Ариэль Эстебан Бракамонтемен (12-10, 6КО) кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или