Килиан Мбаппе осы маусымда Бірінші лиганың 33 ойынында 28 гол соғып, бес нәтижелі пас берді, бұл оған чемпионатта гол салғандар тізімінде көш бастауға мүмкіндік берді. Жүлдені алған соң футболшы мәлімдеме жасады.
"ПСЖ-дағы барлық қызметкерлерге рахмет, клуб үшін осы ойыншылармен бірге ойнау – зор мәртебе. Мен әрқашан жеңіске жетіп, есімімді чемпионат тарихында қалдырғым келді. Мен осындамын және одан ләззат алып, ойыншы ретінде шыңдалып, пайдасын көріп отырмын. Мен келесі жылы осында боламын әрі өте бақыттымын".Килиан Мбаппе