WTA рейтингі жаңарды: Рыбакина нешінші орында?
Франция ашық чемпионаты басталар алдында Әйелдер теннис қауымдастығы теннисшілердің рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жекелей сында үздік қазақстандық теннисші Елена Рыбакина төртінші орнын сақтап қалды. Ал Юлия Путинцева үш сатыға көтеріліп, 58-орында тұр.
Рейтингтің топ-3 қатары өзгеріссіз қалды: польшалық Ига Свентек көш бастап тұр, екінші орында Белорусь теннисшісі Арина Саболенко, үшінші орында АҚШ өкілі Джессика Пегула.
Жұптық сындағы үздік қазақстандық теннисші Анна Данилина 26-орыннан 25-орынға төмендеді. Рыбакина 94-орында қалды.
WTA рейтингі. 29 мамырдағы орындар
1 (1). Ига Свентек (Польша) — 8940 очков;
2 (2). Арина Соболенко (Белорусь) — 7541;
3 (3). Джессика Пегула (АҚШ) — 5205;
4 (4). Елена Рыбакина (Қазақстан) — 5090;
5 (5). Каролин Гарсия (Франция) — 5025;
6 (6). Кори Гауфф (АҚШ) — 4305;
7 (7). Онс Жабер (Тунис) — 3541;
8 (8). Мария Саккари (Грекия) — 3391;
9 (9). Дарья Касаткина (Ресей) — 3275;
10 (10). Петра Квитова (Чехия) — 3162;
58 (+3). Юлия Путинцева (Қазақстан) – 975;
Фото gettyimages