Дубовицкая Рабаттағы «Гауһар лига» кезеңінде үшінші орын алды
Қазақстандық Надежда Дубовицкая биікке секіруден Рабатта (Марокко) өткен «Гауһар лига» кезеңінде үшінші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі altayathletics-қа сілтеме жасап.
Украиналық спортшы Ярослав Магучий (2,01) бұл кезеңде жеңіске жетті. Тағы бір украиналық Ирина Геращенко (1,91 м) мен қазақстандықпен бірдей нәтиже көрсеткен сербиялық Ангелина Топич те жеңіс тұғырына көтерілді.
Айта кетейік, бұл нәтиже қазақстандық спортшының осы маусымдағы үздік нәтижесі болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или