Қазақстандық теннисші WTA рейтингінде үш сатыға көтерілді

Қазақстандық теннисші WTA рейтингінде үш сатыға көтерілді
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жеке және жұптық сындағы рейтингіні жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева 61-орыннан 58-орынға көтерілді.

Рейтингіде үздік үш теннисші бұрынғыша Ига Швентек (Польша), Арина Соболенко (Беларусь) және Джессика Пегула (АҚШ) болып қалды.

Ал 4-орында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина тұр. Ол бұл орынға Римдегі WTA 1000 турниріндегі жеңісінен кейін көтерілген еді.

Айта кетейік, бүгін, Францияның астанасы Парижде "Ролан Гаррос" турнирінің негізгі кезеңі басталды. Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Александр Бублик, Тимофей Скатов ертең, 29 мамырда турнирдің алғашқы раундтағы матчтарын өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или