Регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Регби-15 Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының финалында Жапониядан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойын Алматыда «Абай» спорттық-мәдени кешенінің аумағында өтті.
Регбиден XII Азия чемпионатының финалдық кездесуінде қазақстандық спортшылар жапониялық спортшылардан 0:72 есебімен жеңіліп, турнирдің күміс жүлдегерлері атанды.
Еске салайық, жартылай финалда Анна Яковлева шәкірттері Гонконг құрамасын 27:23 есебімен жеңген болатын.
Қазақстан әйелдер құрамасы 5 рет Азия чемпионы атанған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или