Месси Еуропаның топ лигаларында гол соғу көрсеткіші бойынша Роналдуды басып озды

Месси Еуропаның топ лигаларында гол соғу көрсеткіші бойынша Роналдуды басып озды

ПСЖ-ның аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси Еуропаның үздік 5 чемпионатында ең көп гол соғу бойынша рекорд орнатты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Месси Франция чемпионатының 37-ші турындағы Страсбургке қарсы ойында (1:1) мергендік танытып, 496-ы голын соқты. Ол үшін 577 матч өткізуге тура келді. Ол Ла Лигада 474, ал қазір Лига 1-де 22 гол соқты. Бұл көрсеткіш бойынша Месси 626 матчта 495 гол соққан португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдудан озып кетті.

Үшінші қатарда ұлттық чемпионаттардағы мансабында 366 гол соққан Джимми Гривз тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или