Хоккейден әлем чемпионатының финалына шыққан командалар белгілі болды
Шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында финалға шыққан құрамалар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мұндай мүмкіндікке Канада және Германия қол жеткізді.
Жартылай финалда канадалық хоккейшілер латвиялықтармен кездесті.
Ойынның бірінші кезеңінде Латвия құрамасы 1:0 есебімен басым тұрды.
Екінші кезеңде құрамалар бір-бір гол соқты. Шешуші үшінші кезеңде канадалық хоккейшілер қатарынан үш шайба енгізіп, финалға жолдама тағдырын шешті.
Осылайша Канада қарсыласынан 4:2 есебімен басым түсті.
Ал тағы бір кездесуде Германия құрамасы АҚШ-ты 4:3 есебімен тізе бүктірді.
Финал мен 3-орын үшін сайыс 28 мамырда өтеді.
Айта кетсек, әлем чемпионаты 12 мамырда Латвияның Рига және Финляндияның Тампере қалаларында басталды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или