Эрлинг Холанд АПЛ-дың үздік ойыншысы атанды

Эрлинг Холанд АПЛ-дың үздік ойыншысы атанды

«Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд Англия Премьер-лигасының үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дауыс беру жанкүйерлер, футбол мамандары мен лиганың 20 командасының капитандары арасында өтті.

Жүлдеге үміткерлер қатарында Холандтан бөлек Маркус Рэшфорд («Манчестер Юнайтед»), Кевин де Брюйне («Манчестер Сити»), Харри Кейн («Тоттенхэм»), Мартин Одегор, Букайо Сака (екеуі де «Арсенал») және Киран Триппьер («Ньюкасл») болды.

Холанд англиялық клубқа осы маусымның басында дортмундтың «Боруссиядан» ауысқан болатын.

Жалпы, Эрлинг осы маусымда барлық турнирлерде 52 гол соқты. Ол 1927/28 жылы «Эвертон» сапында 63 гол соққан Дикси Диннен кейінгі екінші орында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или