Никосиядағы Гран-приде Бибісара Асаубаева Белла Хотенашвилиді жеңді

Қазақстандық халықаралық шебер Бибісара Асаубаева Никосияда өтіп жатқан ФИДЕ әйелдер Гран-приінің кезеңінде екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz .
8-ші турда қазақстандық шахматшы грузин Бела Хотенашвилиді жеңді.
Бұл табыс Ассаубаеваға 3 ұпай жинап, жалпы есепте жетінші орынға көтерілуге мүмкіндік берді.
9-турда Бибісара 25 мамыр күні польшалық Оливия Киолбасамен ойнайды.