Путинцева Рабаттағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Рабатта (Марокко) өтіп жатқан WTA-250 турнирінің үшінші кезеңіне шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Екінші айналымда қазақстандық спортшы француз Леоли Жанжанды екі сетте 6:2, 6:1 есебімен жеңді.
Ойын 1 сағат 14 минутқа созылды.