Қазақстандық спортшы стенд атудан әлем кубогы кезеңінде үздік шықты

Алматыда атудан әйелдер арасындағы әлем кубогының скит түрінен финалдық кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алтын медальді Қазақстан өкілі – Әсем Орынбай жеңіп алса, күміс және қола медальдар Үндістан өкілдеріне бұйырды.
Айта кетейік, жарыста Қазақстаннан 20 спортшы бақ сынауда. Турнирге барлығы 42 мемлекет қатысуда.