Шавкат Рахмоновтың қарындасы UFC-мен келісімшартқа отыруға дайын

Шавкат Рахмоновтың қарындасы, ММА файтері Сора Рахмонова UFC-мен келісімшартқа отыруға дайын екендігі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Мен UFC-мен келісімшартқа отыруға дайынмын. Ең бастысы өзіңе деген сенім. Қарыгинамен жекпе-жекке 200 пайыз дайын болуым керек. Шавкат Рамхоновтың туысы болғандықтан маған белгілі бір қысым бар. Физикалық тұрғыда дайынмын, ең бастысы психологиялық тұрғыда қалыптасу керек», - деді Рахмонова Naiza TV Youtube арнасына берген сұхбатында.
Еске салайық, 26 мамырда Алматыда Сора Рахмонова Naiza 51 турнирі аясында ресейлік Валерия Карыгинамен жұдырықтасады.