Басқа

Қазақстандық спортшылар семсерлесуден әлем кубогында алтын медаль алды

Қазақстандық спортшылар семсерлесуден әлем кубогында алтын медаль алды
news-banner7
mobile-news-top

Ыстамбұлда (Түркия) ерлер арасында семсерлесудің «шпага» түрінен әлем кубогы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшылар әлем кубогында командалық сында алтын медаль алып, тарихи жетістіке қол жеткізді.

Ойыншы әрі бапкер Эльмир Әлімжанов команда қоржынына шешуші ұпай салды. Сонымен қатар құрама сапында Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов және Ерлік Сертай өнер көрсетті.

Нидерланды құрамасымен өткен финалдық кездесуде біздің спортшылар 34:20 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасы алдымен Колумбияны жеңді (45:41). Содан кейін Италияны жарыс жолынан шығары (45:31). 1/4 финалда Аргентинадан басым түссе (45:44), жартылай финалда Испанияны (45:32) ұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер