Басқа

Қазақстан кудодан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан кудодан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Жапонияда кудодан 6-шы әлем чемпионаты басталды. Біздің елден 5 спортшы қатысып жатса, оның 3-еуі жүлделі орынға ие болды – бұл орасан зор нәтиже, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші орынды «АЙНАБҰЛАҚ» спорттық жекпе-жек клубында өнер көрсететін Ренат Автоов иеленді.

Екінші орынды Владислав Гулевич иеленді. Жаттықтырушысы - Букин Тимур. 

Үшінші орынды 16 жасқа дейінгі Карина Конкова иеленді. Еліміздің атынан жалғыз қыз шықты. Ол лайықты түрде 3 жекпе-жек өткізді. Жаттықтырушы Дифу Татьяна. «S.A.B.R.» спорт клубы

Сондай-ақ, екі өкіл Рашид Ефендиев пен Саят Нақыпов орын ала алмады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0