Али Алиев ОLIMPBET-Чемпионатының сәуір айындағы үздік бапкері атанды

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2023 жылғы сәуір айының үздік бапкерін анықтау мақсатыменҚазақстан OLIMPBET-Чемпионаты командаларының бапкерлері арасында дәстүрлі түрде сауалнама өткізді.

«Қызылжардың» бас бапкері Али Алиев әріптестердің құрметіне бөленіп, үздік атанды. Петропавлдықтар сәуір айындағы төрт ойында 10 ұпай жинап, OLIMPBET-Кубогының ¼ финалында«Жетісу»командасын екі ойын қорытындысы бойыншабасым болды.

Алиевке 13 әріптесінің сегізі өз дауыстарын берді («Оқжетпес» футбол клубы сауалнамағақатыспады).

Сауалнамада екінші орынды«Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев иеленді.Оған өз дауыстарын екі бапкер берді.

Сонымен қатар Кирилл Кекер («Қайрат»), Алмас Құлшынбаев («Жетісу») және Игорь Солошенко («Шахтер») бір ұпайдан жинады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0