Жәнібек Әлімханұлы белбеу иегерлерінің кез келгенін жеңе алатынын айтты
Орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өз дивизионында қазіргі белбеу иегерлерінің кез келгенін жеңе алатынына сенімді екенін айтты.
- Мен әуесқой және кәсіпқой бокстан әлем чемпионымын. Егер біреуге соққы беремін десем, соны істеймін. Кез келген әлем чемпионын оңай жеңе аламын. Чемпиондардың қорқынышымын. Мен әлемде спортшылар көп қашатын боксшымын, – деп жазды Жәнібек әлеуметтік желіде.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или