Алматыда самбодан әлем чемпионатына іріктеу жарысы өтті

Алматыда самбодан әлем чемпионатына іріктеу жарысы өтті

<span>Алматыда спорттық және әскери самбодан генерал-майор Рүстем Қайдаровты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап. </span>

<span>Жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі жарысқа биыл еліміздің барлық өңірінен және Қырғызстан мен Тәжікстаннан, сондай-ақ Украинадан 200-ден аса үміткер қатысты. 2 күндік жарыстың қортындысы бойынша, жалпы командалық есепте Орталық Армияшылар командасы топ жарса, Абай облысынан келген самбошылар 2-ші, ал Алматы облысының құрамасы үштікті түйіндеді. Жамбылдық Ерлан Махмұтов пен 98 келіде белдескен Кенжебек Түймебектердің боз кілемдегі жанкештілігіне жанкүйерлер қол соқты. Осы жарыстың жеңімпаздары енді әлем біріншілігінде ел намысын қорғайды.</span>

<span> Бақтияр Құнақынов, Алматы қаласы Самбо федерациясының президенті: </span>

<span>- Бұл жарыс негізі әлем чемпионтына дайындық. Іріктеу жарыс болып жатыр. Бұл жарыста 1-шы орын алған спортшыларға спорт шебері деген атағы беріледі. Бұл жарыстың мақсаты жастарды спортқа баулу, келешекте еліміздің туын үлкен-үлкен жарыстарда желбіретсе деген ниетпен жылда өтіземіз.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или