Қазақстандық спортшылар Үндістанда өткен жарыста жеңімпаз атанды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық пара-спортшылар жеңіл атлетикадан Үндістанның ашық чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ядро лақтырудан Алексей Лукутин 7,95 метрге снарядты лақтырып, күміс медальға қол жеткізді.
Бірінші және үшінші орындар үндістандық спортшыларға бұйырды.
Дискі лақтырудан қазақстандық Иван Залезняк 32,11 м көрсеткішпен қола жүлдегер атанса, Үндістан спортшылары да бірінші және екінші орындарды иеленді.
Бұл жарыстар Бенгалуру қаласында 4-8 мамыр аралығында өтті. Оларға әлемнің 11 елінен 486 спортшы қатысты.