Қуаныш пен өкініш. Олимпиада бізге керек пе еді?

Қуаныш пен өкініш. Олимпиада бізге керек пе еді?

Жуырда ғана 2022 жылғы қысқы Ақ Олимпиаданың астанасы белгілі болды. Алматымен бірге сайысқа түскен Қытай астанасы Бейжің төрт жылдың дүбірлі додасын өткізу құқығына ие болды! Ал біз қара жерге қарап, кері қайттық. Бірақ... бұл Олимпиада бізге керек пе еді?

Ақ Олимпиада қандай пайда әкелер еді?

Біріншіден, Қазақстанның имиджі әлем сахнасында айтарлықтай көтерілер еді. Қысқы Олимпиаданы бүкіл әлем бойынша 3 миллиард халық көреді екен. Бұл деген әлем халқының тең жартысы. Ойлап көріңізші, жарты ғалам Алматы қаласында өтетін байрақты бәсекені тамашалайды, одан қалса оңтүстік астанамызға туристтер ағылып келер еді. Олимпиаданы абыроймен өткізсек, біздей жас мемлекетке бұл үлен талпыныс береріп инвестиция көлемі артатын еді.

Екіншіден, Алматы қаласының инфрақұрылымы жанданар еді. Ескі үйлердің орнына зәулім ғимараттар тұрғызылады.  Олимпиада өткізілсе спорттық нысандарға кететін қаражат мөлшері 30 пайызға азайар еді, дейді сарапшылар. Қала халқы дүбірлі дода өткеннен кейін де арнайы салынған спорт нысандарын пайдаланар еді.

Үшінші себеп - жұмыс орынның көбеюі. Сарапшылардың айтуы бойынша, Олимпиада өткізілер алдына 50 мыңнан 300 мыңға дейін жұмыс орны болуы мүмкін. Бұл деген бүгіні жаһандық заманда біздің мемлекеттке үлкен қол болар еді. Жан-жақтан ағылған жұмысшылар қаланың инфрақұрылымын ғана өзгертпей, гүлденуіне де себеп болады.

Төртінші, басты себеп. Қала халқы спортқа қызығып, салауатты өмір салтын ұстанары анық. Олимпиадаға арналып салынған спорттық нысандар дүбірлі дода аяқталысымен мектептер мен жоғары оқу орындарының қарамағаны өтіп, спорттық ұжымдарға жалға берілсе нұр үстіне нұр болады емес пе? Балаларымыз қысқы спортқа қызығып, болашақта талай Олимпиада чемпиондарын тәрбиеленуіне мүмкіндік пайда болуы ықтимал.

Алматы қаласының тұрғындары өз қаласына осылай жанкүйерлік етті

Ал енді Олимпиаданың кері жақтарын баяндасақ.

Ең бірінші, қаражат мәселесі. Дүбірлі доданы өткізуге Қазақстанның билігі $1,7  млрд, одан бөлек тағы да $4,5 млрд доллар бөлуді жоспарлады. Әншейінде, теледидардан қаражат аз деп қақсайтын шенеуніктеріміз бұл жолы жомарттық танытып, $7 млрд-қа жуық ақша шығармақ болды. Жемқорлық жайлап тұрған бұл елде $6,2 млрд ақшаның барлығы тиісті жеріне жұмсалар ма еді?

Екінші мәселе, сол салынатын спорттық нысандардың Олимпададан кейін бос қалып қалмайтынына кім кепіл? Оны жалға берушілер «атасының құнын» сұрап, халық игілігіне берілмей қалса ше... Оны күтіп ұстаудың өзі талай қаражатты талап етеді. Мысалға, шаңғымен секіруге арналған трамплиннің қазіргі жағдайын қараңызшы. Жылына бір-екі мәрте жарыстар өткізеледі, қалған уақытта халық ол маңға аяқ баспайды.

Үшінші мәселе. Ақ Олимпиададан бөлек еліміз қос бірдей ауқымды шараны өткізбекші. Бірі 2017 жылғы Алматыдағы Универсиада болса, екіншісі Астана төрінде болатын Бүкіләлемдік көрме немесе ЭКСПО. Шыны керек, осы шараларды өткізу үшін өкімет барынша шығынды азайтып жатыр. Елдің жалақысы мен зейнетақысы көтерілмей, керісінше жұмыс орындарынан айрылып жатыр. Осындайда Олимпиада бізге не үшін керек деп ойланасын. Әрине, ел имиджі үшін пайдалы шығар, бірақ үш-төрт жыл өткеннен кейін қаржылық дағдарыс қысса, бізді кім есіне алады?

Төртінші себеп - экология жағдайы.  Алматыда салынатын Олимпиада қалашығы Ақ Бұлақ пен Алатау Ұлттық паркінің территориясында орналасады. Алматыны Олимпиада астанасы ретінде  таңдамаудың басты себебі – табиғи жағдай. Дүбірлі дода өтер алдында да, өткеннен кейін де табиғатқа айтарлықтай залал келетін еді.

Қытай халқы керісінше Олимпиаданы өткізетініне қуанышты. Аспан асты елінің мұндай ауқымды шара өткізуде тәжірибесі бар. 2008 жылғы жазғы Олимпиаданы ұйымдастыру жағынан әлем халқын аузына қаратты. Бізге қарағанда, Қытайдың экономикасы әлдеқайда мықты әрі біздей жас мемлекет емес. Не десек те, Олимпиаданың Қытай еліне кеткеніне еш өкінудің керегі жоқ. Біздей жас мемлекеттің алар асуы әлі алда.

Алматының таныстырылуы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или