Бокс

Серік Теміржанов африкалықты жеңіп, бокстан әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

Серік Теміржанов африкалықты жеңіп, бокстан әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты
news-banner7
mobile-news-top

Әлем (2021) және Азия (2022) чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов бокстан Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

57 келіге дейінгі салмақтағы 1/16 финалда Серік Мали елінің өкілі Абдул Карим Батилимен кездесті.

Жекпе-жек үш раундқа созылып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Теміржановтың пайдасына аяқталды (5:0).

Ширек финалға берілер жолдаманы 24 жастағы қазақстандық боксшы Жан Кайседо (Эквадор) - Вереш Роланд (Венгрия) жұбының жеңімпазымен сарапқа салады.

Еске салайық, бұған дейін Талғат Сырымбетов (60 келіге дейін) пен Санатәлі Төлтаев (63,5 келіге дейін)Ташкенттегі әлем чемпионатындағы өнерін аяқтаған болатын.

Бүгін, кешкі сессияда (басталуы Астана уақытымен 19:00-де) екі қазақстандық спортшы өнер көрсетеді: Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) және Айбек Оралбай (92 келіге дейін).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер