Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік кубоктың суперфиналына шыға алмады

Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік кубоктың суперфиналына шығу үшін өткен кездесуде Израиль құрамасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жаңа Зеландия құрамасымен бірдей ұпай жинаған қазақстандық ватерполшылар В тобында екінші орын алып, А тобының жеңімпаздары болған израильдік командамен ойнады.
Израиль - Қазақстан 19:8 (3:1, 4:2, 6:2, 6:3).
Еске салайық, бұған дейін су добынан Берлинде өтіп жатқан әлем кубогының үшінші турында қазақстандық команда Жаңа Зеландия құрамасынан жеңілген болатын.
Кездесуде қазақстандық командан 8:15 есебімен жеңілген.
Әлемдік кубоктың суперфиналы 23-25 маусым аралығында Лонг-Бичте (АҚШ) өтеді.