Бокстан әлем чемпионаты: Үшінші жарыс күнінің тікелей трансляциясы
![Бокстан әлем чемпионаты: Үшінші жарыс күнінің тікелей трансляциясы](https://prosports.kz/upload/news/content//202305/203991_968b70b4d7c9ff6e92b0816d0bb512ba.jpg?v=28701368)
Сәрсенбі, 3 мамыр күні бір қазақстандық боксшы 2023 жылы Ташкенттегі (Өзбекстан) әлем чемпионатында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Түстен кейінгі сессияда (Астана уақытымен 15:00) 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Талғат Сырымбетов шаршы алаңға шығады. Ол 1/16 финал кезеңінде Азияның қазіргі чемпионы иорданиялық Мохамед Абу-Джехпен жұдырықтасады. Тікелей трансляцияны Qazsport телеарнасынан көруге болады.
Бұл Талғат Сырымбетовтың Ташкенттегі әлем чемпионатындағы екінші жекпе-жегі: ол Тайланд боксшысы Сакда Руамтамды сенімді жеңді.
Еске салайық, қазіргі уақытта біріншілікте төрт қазақстандық боксшы турнирді сәтті бастап, екінші айналымға жолдама алды.