русский язык
Басқа

Тоқаев шахматтан әлем чемпионы атанған Дин Лижэньді құттықтады

Тоқаев шахматтан әлем чемпионы атанған Дин Лижэньді құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев классикалық шахмат бойынша әлем чемпионы атағы үшін сайысқа түскен Ян Непомнящий мен Дин Лижэньді, сондай-ақ Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) президенті Аркадий Дворковичті қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы әлем чемпионы атанған Дин Лижэньді құттықтады.

– Мен, ең алдымен, Дин Лижэнь мырзаны тартысты өткен сайыста әлем чемпоны атағын жеңіп алуымен құттықтағым келеді. Сондай-ақ гроссмейстер Ян Непомнящийге көрсеткен шеберлігі үшін құрметімді білдіремін. Әлемнің бүкіл шахмат қоғамдастығы турнирге назар аударды. Шахмат жанкүйерлері шаршы тақтадағы ойынды жіті бақылады. Турнир сәтті өтті деп есептеймін, – деді Президент.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;