Серхио Перес Әзербайжан Гран-приінде топ жарды

Бүгін Бакуде Әзербайжан Гран-приі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарыста «Ред Булл» шабандозы Серхио Перес топ жарды.
Айта кетейік, Перес кеше Гран-придің спринт кезеңінде де жеңіске жеткен.
Екінші орын Перестің командаласы Макс Ферстаппенге бұйырды.
Ал үздік үштікті «Феррари» шабандозы Шарль Леклер түйіндеді.