«Феррари» шабандозы Әзербайжан Гран-приінің іріктеуінде топ жарды

«Феррари» шабандозы Әзербайжан Гран-приінің іріктеуінде топ жарды

28 сәуірде Бакуде Формула-1 жарысы 2023 жылғы маусымының төртінші кезеңі – Әзербайжан Гран-приінің іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл сында «Феррари» шабандозы Шарль Леклер топ жарды. Бұл «Ферраридің» осы маусымдағы іріктеу сындарындағы алғашқы жеңісі.  

Айта кетейік, монаколық спортшы Бакуде үшінші маусым қатарынан іріктеу кезеңінде жеңіске жетті. 

«Ред Булл» командасының өкілі, қазіргі әлем чемпионы Макс Ферстаппен мәреге екінші болып келді.

Іріктеу кезеңіндегі үздік үштікті тағы бір «Ред Булл» шабандозы Серхио Перес түйіндеді.

Әзербайжан Гран-приі 30 сәуірде Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или