Андрей Голубев Римдегі «Челленджердің» жұптық сынында финалға жолдама алды
Қазақстандық теннисші Андрей Голубев украиналық спортшы Денис Молчановпен жұптасып, Римде өтіп жатқан «Челленджер» сериясындағы турнирдің финалға шықты, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
Қарсыластары техникалық жеңіліске ұшырап, Голубев пен Молчанов финалға шықты. Олар франциялық Думбия/Ребул дуэтіне қарсы ойнауы керек еді.
Финалда теннисшілер Дурасович/Ромболи - Баррьентос/Кабраль матчының жеңімпазымен кездеседі.
Еске салайық, Голубев Молчановпен жұптасып, екінші айналымда Д.Идальго (Эквадор) / П.Никлас-Салминен (Финляндия) дуэтін 6:3, 2:6, 10:4 есебімен жеңген болатын.
Турнирдің финалы ертең, 29 сәуірде өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или