Зарина Дияс кездесуден бас тартты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс Вашингтондағы Citi Open турнирін ерте аяқтады.

АҚШ астанасында жүлде қоры 227 мың АҚШ долларын құрайтын Вашингтоне Citi Open турнирі өтіп жатыр. Бұл жарысқа Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс та қатысқан болатын. «Уимблдоннан» кейін аздаған уақыт демалыс алған жерлесіміз бұл жолы турнирмен ерте қоштасты.

Жарыстың алғашқы кезеңінде әлемнің 85-ші ракеткасы Лаурен Дэвиспен кездесті. Бірінші сетте 7:5 есебімен АҚШ теннисшісі жеңіске жетті. Ал екінші кезеңде Лаурен бір брейк жасап алға шыққан болатын. Осы кезде З. Дияс кездесуден бас тартты. Оған себеп жарақат болып отыр.

Дэвис енді екінші айналымда румын қызы Моника Никулескумен кездеседі. Бұл турнирге Заринадан бөлек, Юлия Путинцева да қатысып жатыр. Ол алғашқы айналымда Куруми Нараны үш сетте жеңді.

baq.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или