Әлімханұлы жаттығу сәтінен видео жариялады
WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) жаттығу сәтінен видео жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жәнібек 13 мамырда Стоктон қаласында (Калифорния, АҚШ) өтетін титулды қорғау жекпе-жегіне дайындалып жатыр. Оның қарсыласы канадалық Стивен Батлер (32-3-1, 26 КО) болады.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Стивен Батлер арасындағы жекпе-жек бокс кешінің басты кездесуі болады. Ол Қазақстан уақыты бойынша 14 мамыр күні таңертең өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или