ПСЖ Мессимен келісім-шартты ұзарту идеясынан бас тартты

ПСЖ Мессимен келісім-шартты ұзарту идеясынан бас тартты

ПСЖ аргентиналықтардың қаржылық өтініштеріне байланысты шабуылшы Лионель Мессимен келісімшартты ұзарту туралы талқылауды тоқтатты, деп хабарлайды Prosports.kz Le Parisien басылымына сілтеме жасап.

Келіссөздер барысында 35 жастағы Месси жалақыны көтеруді сұрады, бұл қазір жылына 37 миллион еуроны құрайды дейді дереккөз. Мессидің әкесі ұлының 2022 жылғы әлем чемпионатындағы жеңісі қымбатқа түседі және жаңа келісімшартта соны көрсету керек деп санайды. Сонымен бірге Мессидің туыстары бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр. Ойыншының қазіргі келісімі осы жазда аяқталады.

Бұған дейін Катарда өткен әлем чемпионатында ПСЖ мен Месси келісімді ұзарту туралы ауызша келісімге келгені хабарланған болатын. Сәуір айында БАҚ-та форвардтың Барселонаға қайта оралуы мүмкін екендігі туралы ақпарат тараған болатын.

Месси Барселонадан 2021 жылы Каталондық клуб Ла Лигадағы жалақыны шектеу ережелеріне байланысты келісім-шартын ұзарта алмаған соң кетті. Ол клуб сапында 778 кездесуде 672 гол соғып, 303 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или