Қазақстандық боксшылар Самарадан олжалы оралды

Самара қаласында екі дүркін Олимпиада чемпионы Олег Саитов атындағы халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Жарысқа Ирландия, Қазақстан, Әзірбайжан және басқа елдерден 60-қа жуық спортшылар қатысты.

Қазақстан бокс федерациясының ресми сайтына сүйенсек, отандастарымыз үш алтын, екі күміс және бір қола медаль иеленді.

Осылайша, Санат Садықов (49 келі), Ақниет Тоқтаров (60 келі) пен Нұрсұлтан Салихов (69 келі) жарыстың жеңімпазы атанды. Нұржан Мақашбаев (64 келі) пен Ислам Дауытханов (91 келі) екінші орын иеленсе, Ернар Окен (54 келі) қола медальге қол жеткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или