Клубтық Азия чемпионаты: «Алтай» – «Дайамонд Фуд Файн» матчының тікелей трансляциясы
25 сәуірдеВиньхукте (Вьетнам) волейболдан әйелдер арасындағы клубтық Азия чемпионаты басталады. Бұл турнирде Қазақстан намысын еліміздің қазіргі чемпионы «Алтай» қорғайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Өскемендік волейболшылар «Ляонин Донхуа» (Қытай), «Хип Хин» (Гонконг), «Хувсгул Эрчим» (Моңғолия) және «Дайамонд Фуд Файн» (Таиланд) командаларымен В тобына енді.
Екі топтың бірінші орын алған екі команда жартылай финалға шығады, қалған командалар 5-9-орындар үшін таласады.
Бүгін қазақстандық спортшылар тайландтық «Дайамонд Фуд Файн» командасымен кездеседі.
«Алтай» – «Дайамонд Фуд Файн» матчының тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан көруге болады. Кездесу Астана уақытымен 15:00-де басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или