KazSport арнасы «Абердин»-«Қайрат» матчын көрсетпейді

KazSport телеарнасы Еуропа лигасының іріктеу кезеңі аясындағы «Абердин»-«Қайрат» кездесуін көрсетпейтін болды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

KazSport арнасы шотландиялық әріптестерінен аталмыш матчтың түсірілімі жүргізбейтіні туралы ресми хат алды.

Бұл туралы KazSport арнасының бас продюсері Павел Цыбулин мәлім етті.

Естеріңізге сала кетсек, «Абердин» - «Қайрат» қарымта матчы тамыздың 6-ы Шотландияда өтеді. Бірінші ойында алматылық ұжым 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или