Власов - Махмудов арасындағы супер белдесудің уақыты белгілі болды
26 сәуірде Алматыда өтетін грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Поддубный күрес лигасы аясында қазақстандық бес балуан өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтетін PWL турнирінде әлемнің ең мықты балуандарының қатысуымен 19 белдесу өтеді. Турнирге түрлі елдерден әлем чемпиондары, жүлдегерлер мен Олимпиада ойындарының жеңімпаздары қатысады.
Айта кетейік, кештің басты кездесуі грек-рим күресінен 77 келіге дейінгі салмақта екі дүркін Олимпиада чемпионы, үш дүркін әлем чемпионы және PWL жеңімпазы Роман Власов (Ресей) пен қазіргі әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ақжол Махмудов (Қырғызстан) арасында өтеді.
Супер жекпе-жек Астана уақытымен сағат 23:00-де басталады.
Беделді лигада Қазақстан атынан Жәмилә Бақбергенова (әйелдер күресі, 72 келі), еркін күрес шеберлері Азамат Дәулетбеков (86 келі) және Болат Сақаев (79 келі) өнер көрсетеді.
Алем Төлеубеков (32 кг, 2010 ж.т.) пен Ахмет Жанатхан (38 кг, 2010/11 ж.т.) PWL school санатында өнер көрсетеді.

Әйелдер күресі
53 кг. Милана Дадашева (Ресей) — Бат-Очир Борортуя (Моңғолия)
62 кг. Алина Касабиева (Ресей) — Анастасия Никита (Молдавия)
72 кг. Жәмиля Бақбергенова (Қазақстан) — Ксения Буракова (Ресей)

Еркін күрес
61 кг. Тайирбек Жумашбек (Қырғызстан) — Абасгаджи Магомедов (Ресей)
65 кг. Шамиль Мамедов (Ресей) — Гаджи Алиев (Әзербайжан)
70 кг. Курбан Шираев (Ресей) — Алиакбар Фазлихалили (Иран)
74 кг. Разамбек Жамалов (Ресей) — Ильяс Бекбулатов (Өзбекстан)
79 кг. Ахмед Усманов (Ресей) — Болат Сақаев (Қазақстан)
86 кг. Арслан Багаев (Ресей) — Азамат Дәулетбеков (Қазақстан)
97 кг. Магомед Курбанов (Ресей) — Батырбек Цакулов (Словакия)

Грек-рим күресі
60 кг. Динислам Бамматов (Ресей) — Жоламан Шаршенбеков (Қырғызстан)
67 кг. Аслан Висаитов (Ресей) — Луис Альберто Орта Санчез (Куба)
77 кг. Адлет Тюлюбаев (Ресей) — Санан Сулейманов (Әзербайжан)
77 кг. Сергей Степанов (Ресей) — Малхас Амоян (Армения)
77 кг. Сергей Кутузов (Ресей) — Айк Мнацаканян (Болгария)
97 кг. Артур Саргсян (Ресей) — Узур Джузапбеков (Қырғызстан)
130 кг. Сергей Семенов (Ресей) — Оскар Пино Хиндс (Куба)

Кештің басты кездесулері
Грек-рим күресі
77 кг. Роман Власов (Ресей) — Акжол Махмудов (Қырғызстан)

Еркін күрес
57 кг. Заур Угуев (Ресей) — Зелимхан Абакаров (Албания)
Турнирдің жалпы жүлде қоры шамамен 20 миллион рубль.