Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде бір сатыға төмендеді

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде бір сатыға төмендеді

Футзалдан Қазақстан құрамасы ФИФА жаңартылған рейтингінде жетінші орынға түсті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Futsalranking сайтына сілтеме жасап.

Рикарду Кака шәкірттері бұған дейін алтыншы орында болған еді.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы EURO-2022 турниріндегі B тобында Финляндия, Словения мен Италияны артта қалдырып, бірінші орын алған. Ал ширек финалда қазақстандықтар Украинадан 2:4 есебімен жеңілген болатын.

Жаңартылған рейтингіде Бразилия құрамасы көш басындағы орнын сақтап қалды. Екінші орынға Еуропа чемпионы Португалия құрамасы көтерілді.

Футзалдан ФИФА рейтингі (2023 жылдың 24 сәуірі):

1 (1). Бразилия – 1819

2 (3) Португалия – 1755

3 (2) Испания – 1749

4 (4) Аргентина – 1650

5 (5) Ресей – 1649

6 (7) Иран – 1573

7 (6) Қазақстан – 1560

8 (8) Марокко – 1485

9 (10) Парагвай – 1445

10 (9) Украина – 1445

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или