Бес қазақстандық теннисші ATP рейтингінде көтерілді
Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) әлемнің үздік ойыншылары рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик 55-орында қалды. Ал тағы бес қазақстандық теннисші орындарын жақсартты. Дмитрий Попко 19 сатыға, Денис Евсеев 9 сатыға көтерілді.
Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық рейтингте 12 және 6 сатыға көтерілді. Олар қазір 60 және 65-орындарда. Денис Евсеев жұптық рейтингте бірден 32 қатарға көтерілді, қазір ол 380-орында.
ATP рейтингі. 24 сәуірдегі орындар
1 (0). Новак Джокович (Сербия) – 7135
2 (0). Карлос Алькарас (Испания) – 6770
3 (+1). Даниил Медведев (Ресей) – 5240
4 (-1). Каспер Рууд (Норвегия) – 5210
5. (0). Стефанос Циципас (Грекия) – 5195
6 (0). Андрей Рублев (Ресей) – 4280
7 (0). Хольгер Руне (Норвегия) – 4070
8 (0). Яник Синнер (Италия) – 3615
9 (0). Феликс Оже-Альяссим (Канада) – 3405
10 (0). Тэйлор Фритц (АҚШ) – 3290
55 (0). Александр Бублик (Қазақстан) – 865
144 (+2). Тимофей Скатов (Қазақстан) – 412
281 (+9). Денис Евсеев (Қазақстан) – 185
295 (+1). Михаил Кукушкин (Қазақстан) – 176
313 (+2). Бейбіт Жукаев (Қазақстан) – 165
407 (+9). Дмитрий Попко (Қазақстан) – 113
935 (-6). Григорий Ломакин (Қазақстан) – 14
Фото atptour.com