Қазақ қызы бокстан Моңғолия чемпионатында қарсылас шыдатпай, топ жарды
Қазақ қызы Зейнеп Әзімбай бокстан Моңғолия чемпионатында топ жарды. Бұл туралы kaznews.mn сайты хабарлады.
Улаанбаатар қаласында бокстан жастар арасындағы ел біріншілігінің финалдық ойындары өтті. Бұл туралы Баян-Өлгий аймағының Бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Қыздар арасындағы бәсекеде 75 келі салмақта өнер көрсеткен Зейнеп Әзімбайқызы ел чемпионы атанды.
Зейнеп Әзімбайқызы бұған дейін 2022 жылы ересектер және жастар арасындағы ел біріншілігінде чемпион атанған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или