Шайбалы хоккейден ӘЧ: Қазақстан қыздары Оңтүстік Кореядан жеңілді
Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы Оңтүстік Кореямен кездесті.
Кездесу барысында құрамалар тартысты ойын өткізді. Алғашқы екі кезеңде олар бір-бірден шайба соқты. Алдымен корейлік хоккейші Су Чжин Хан 4-минутта есеп ашса, оған қазақстандық Лариса Свиридова 9-минутта бір шайбамен жауап қайырды.
Ойынның 57-минутында Хи Вон Ким жеңіс шайбасын соғып кетті.
Осылайша, қазақстандық хоккейшілер қарсыласына 1:2 есебімен жол берді.
Айта кетсек, Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында 17-23 сәуір аралығында бірінші дивизионның В тобында ойындар өтті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или