Қазақстандық теннисші Босниядағы турнирдің финалында жеңіліп қалды
Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Босния және Герцеговинада өткен Баня-Лука ATP 250 турнирінің финалында жеңіліп қалды.
Қазақстандық теннисші португалиялық Франциско Кабралмен бірге финалда осы жарыстың бірінші ракеткалары, ұлыбританиялық Джейми Маррей - жаңазеландиялық Майкл Винуспен бас жүлдені сарапқа салды.
Бір сағат 22 минутқа созылған кездесуде ұлыбританиялық-жаңазеландиялық жұп 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Олар 1 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді.
Майкл әлемдік рейтингіде жұптық сында 18-інші, Джейми 38-орында тұр. Екеуі де «Үлкен дулыға» жарыстарында жеңімпаз атанған.
Александр мен Франсиско финалға шығуы нәтижесінде екеуі 15 190 еуро табыс тауып, әрқайсысы 150 рейтингілік ұпайға ие болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или