2023 жылғы бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионатының кестесі жарияланды

2023 жылғы бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионатының кестесі жарияланды
Ташкентте (Өзбекстан) өтетін бокстан ерлер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионатының кестесі жарияланды.

30 сәуірде жеребе тарту (Астана уақыты бойынша сағат 17:00-18:00) және турнирдің салтанатты ашылу рәсімі (сағат 20:00-22:00) өтеді. 1-10 мамыр аралығында алдын ала күш сыналады: күндізгі сессия 14:00-де, кешкі сессия 19:00-де басталады.

Жартылай финалдық кездесулер 12 мамырда өтеді (15:00-18:00, 19:00-22:30). 13 және 14 мамырда шешуші жекпе-жектер өтеді (сағат 18.00-де).

Әлем чемпионатында Қазақстан боксшылары да бой көрсетеді, алайда көптеген ел Ресей мен Беларусь спортшыларының қатысуына байланысты бұл турнирге бойкот жариялаған болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или