Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Әлімханұлының жаттығу залына барды

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Әлімханұлының жаттығу залына барды

Жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Айдос Медет (11-0, 8 КО) АҚШ-та белгілі маман Джеймс «Бадди» МакГирттің жаттығу залына барды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«АҚШ-та қазіргі әлем чемпионы Жәнібек [Әлімханұлы] ағамыздың жеке бапкері «Бадди» МакГирттің жетекшілігімен жаттығуды бастадым. Алда шеберлігімді шыңдаймын», – деп жазды Ақтөбе облысының 22 жастағы боксшысы. 

Айдос Медет кәсіпқой рингтегі 11 жекпе-жегінің барлығын Қазақстанда өткізген. Кейінгі жекпе-жегінде ол 19 қарашада Тәжікстан өкілі Зиевуддин Бахриддиниді (0-2) үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или