Голубев Баня-Лукадағы турнирдің жұптық сынында финалға шыға алмады

Голубев Баня-Лукадағы турнирдің жұптық сынында финалға шыға алмады

Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Баня-Лукада (Босния және Герцеговина) өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдің жұптық сынында финалға шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz

Жартылай финалда Голубев украиналық спортшы Денис Молчановпен жұптасып, Майкл Венус (Жаңа Зеландия) / Джейми Мюррей (Ұлыбритания) дуэтінен 3-6, 6-7 есебімен жеңіліп қалды.

Матч 1 сағат 32 минутқа созылды.

Фото: Associated Press

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или