«Оның тәжиресі зор». «Гангстер» қазақстандық файтермен мықты жекпе-жек өткізіп, бонусты иеленбек

«Оның тәжиресі зор». «Гангстер» қазақстандық файтермен мықты жекпе-жек өткізіп, бонусты иеленбек

OCTAGON 44 турнирінде титулдық жекпе-жекте «Қазақ Сехудосынан» жеңіліп қалған тәжікстандық «Гангстер» Шерзод Ибодилоев (5-1) жекпе-жекке оралады, оның қарсыласы тәжірибелі қазақстандық Дархан «Мотиватор» Сқақов (6-7) болады.

Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында файтер карьерасындағы алғашқы сәтсіздігінің салдары мен тәжірибелі қарсыласымен алдағы жекпе-жек туралы пікір білдірді.

– Шерзод, сіз Дамир Төленовке қарсы титулды жекпе-жектегі сәтсіздігіңізден кейін октагонға ораласыз. Бұл жеңіліс сізге қаншалықты ауыр болды?

– Дамир сол күні жақсырақ дайындалып, мені жақсы соққымен ұстап алды. Бұл спорт, мені құлатуға болады, бірақ мен ешқашан берілмеймін. Бұл жеңілістен соң салым суға кетпеді, мақсатым сол күйінде қалды – белбеуді алып кету.

- Карьераңыздағы алғашқы жеңілістен кейін қандай қорытындыға келдіңіз?

– Қорытынды жасап, менде жақсы қолдау бар екенін түсіндім. Халқымның көңілінен шығу үшін екі есе жұмыс істеу керегін түсіндім.

– Алғашқы жеңіліс карьераңыздың алға жылжуы мен дамуына қалай әсер етті?

– Жеңіліс бізді тек мықты етеді және қателіктерімізді көрсетеді. 

- Октагонға оралар алдында психологиялық және физикалық бабыңыз қалай?

- Мен жаспын, психикама қатысты ешқашан проблема болған емес. Салқынқандымын.

– Дархан Сқақов сынды тәжірибелі қарсылас жеңіс жолына оралу үшін қаншалықты қолайлы?

– Мен өзіме қарсылас таңдамаймын. Лига берді - мен келістім. Ол тәжірибесі зор мықты файтер.

– Болашақ қарсыласыңыздың жекпе-жектерін көрдіңіз бе? Оның қасиеттері туралы не айта аласыз?

– Иә, әрине, ол барлық жағынан мықты. Қарсылас менен шамамен 15 жас үлкен, бірақ мен үш жыл өнер көрсетіп, осындай деңгейге жеттім, бұл менің жұмысымды көрсетеді.

- Қазақстандық файтер сізді нокаутқа түсіремін деді. Қарсыласыңызға қалай жауап берер едіңіз?

- Кім қалай әрекет ететінін жекпе-жек көрсетеді. Менің айтарым, оны ұзақ түн күтіп тұр.

- Жанкүйерлердің бұл жекпе-жектің фавориті туралы ойы екіге бөлінді. Бұл жекпе-жекте жеңіске жету мүмкіндігі туралы не ойлайсыз?

- Мен өз еңбегіме сенемін, жеңіс те, жеңіліс те Алла Тағаладан.

- Титулды жекпе-жекке шығу үшін қанша уақыт пен кездесу керек?

– Бірінші жекпе-жектен кейін титулға таласуға мүмкіндігім болған, енді өз дивизионымда бәрін жеңгім келеді.

- «Қазақ Сехудосымен» реванш сізге қаншалықты маңызды?

– Маңызды емес. Ол мықтырақ болды, бірақ мені тек белбеу ғана қызықтырады.

– Жекпе-жек алдында Дархан Сқақовқа не айтар едіңіз?

– Дархан – мен сенің жасыңды құрметтеймін. Жақсы жекпе-жек көрсетіп, бонусты алып кетеміз деп ойлаймын.

Алдағы ивентке билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан алуға болады

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG Sports спорттық агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

Фото: OCTAGONwww.instagram.com/sher_ibodiloev/ 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или