Кіші Монро: «Головкиннің соққысы күшті, Лемьенің жағы әлсіз»

Биылғы мамырда Головкиннен жеңіліп қалған америкалық боксшы Вилли Монро қазақстандықтың Давид Лемьемен алдағы кездесуіне болжам жасады.

«Лемье қауіпті боксшы, ол жақын қашықтықта жақсы жұдырықтасады. Бұл өте жақсы, себебі Головкинмен мен жұдырықтасқанда осы позицияда барымды салдым. Бірақ ол соққыны жасайды - Головкиннің соққысы дәл тигенде не болады? Лемьенің соққыны қалай қабылдайтынын көрмедік қой. Басымдықты Головкинге берер едім, себебі оның соққысы күшті, ал Лемьенің жағы мықты емес», - деді боксшы tofight.ru басылымына берген сұхбатында.

Еске салайық, Головкин - Лемье жекпе-жегі 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Бұл кездесуді HBO телеарнасы ақылы трансляция жүйесі арқылы таратады. Ал Қазақстанда жекпе-жекті "Қазақстан" арнасынан көруге болады.

Tengrinews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или