Шарипованың карьерасындағы басты қарсыластарының бірі Тараздағы бокс кешінде өнер көрсетеді
IBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Софья Очигава 20 мамырда Таразда өтетін турнирде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы әзірге белгісіз, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Фируза Шарипованың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Тараз-Аренада» өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде үш салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы қазақстандық Фируза Шәріпова өнер көрсетеді. Ол WBC Silver белбеуін танзаниялық Рут Чисейлге қарсы сарапқа салады. Егер ол жеңіске жетсе, бұл оны абсолют әлем чемпионы Кэти Тейлормен екінші кездесуге міндетті үміткер атанады.
Айта кетейік, Шарипова мен Очигава кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жекте кездескен болатын. Жеңіске ресейлік спортшы жеткен болатын. Кейін ол Фирузаға абсолют әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекке дайындалуға кеңес берген. Екі спортшы да реванш өткізгісі келетінін бірнеше рет мәлімдеген.
Фото: Софья Очигава Инстаграм парақшасынан