Давид Лемье: «Головкинді жеңетініме шүбәм жоқ»

Давид Лемье: «Головкинді жеңетініме шүбәм жоқ»

Шаршы алаңға кіммен шықсам да бәрібір, маңыздысы оның үздік болғаны, ал Головкин орта салмақтағы үздік боксшы, деп мәлім етті IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Давид Лемье.

GGG-дің ВКонтактедегі ресми парақшасында хабарланғандай, өткен жолғы жекпе-жегінде 26 жастағы канадалық Давид Лемье IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атанған, ал келесі кездесуінде оның титулдарды біріктіруге мүмкіндігі бар, дегенмен былғары қолғап шеберіне бұл оңайға соға қоймас.

17 қазанда Лемье орта салмақтағы мықты боксшы, 33 жастағы қазақстандық Геннадий Головкинмен қолғап түйістіреді.

«Шаршы алаңға кіммен шықсам да бәрібір екенін осыған дейін айтқанмын, маңыздысы оның үздік болғаны, ал Головкин орта салмақтағы үздік боксшы. Головкин бокстағы ең «қорқынышты» адам шығар бәлкім, алайда 17 қазанда мен оның орнын басамын. Бұл кездесуде қан да болады, отшашу да болады, бұл тартыста жеңімпаз атанатыныма еш күмән жоқ», - дейді Лемье.

BNews.kz сайтының материалы бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или