Вороговскийдің командасы Бельгия чемпионатында басты бәсекелесімен тең ойнады

Вороговскийдің командасы Бельгия чемпионатында басты бәсекелесімен тең ойнады

«Моленбек» Бельгия Бірінші лигасы плей-офф кезеңінің екінші турында «Беверен» командасымен тең ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 1:1 есебімен аяқталды.

«РВД Моленбек» сапында өнер көрсететін Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский негізгі құрамда алаңға шығып, толық матч өткізді.

Айта кетейік, осы ойыннан кейін «РВД Моленбек» 60 ұпай жинап, турнирлік кестеде бірінші орында тұр. Ал басты бәсекелесі «Беверен» еншісінде 59 ұпай бар.

«Моленбек» — «Беверен» 1:1
Гол соққандар: Флориан Ле Жонкур (52) — Александр Вукотич (54).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или