«Мақтааралдың» футболшылары мен бапкерлері қақпашының еміне миллион теңгеден астам қаржы жинады
Түркістан облысының «Мақтаарал» командасының футболшылары, бапкерлері мен қызметкерлері бұрынғы командалас, украиналық қақпашы Сергей Литовченконың емделуіне ақша жинады, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
Өткен маусымда ең тәжірибелі қақпашы бұл команданың намысын қорғап, ҚПЛ-да сегізінші орынға шығуына көмектесті. Литовченко мен оның өкілдері қақпашының емделу ақысын жариялағаннан кейін, Мақтаарал тез арада 1 миллион теңгеден астам соманы жинады.
Тағы бір айта кетерлігі, Түркістан облысының клубы ҚПЛ-дағы ең аз бюджетке ие – 1 миллиард теңгеден аз. Бұған дейін «Ақжайық» сапында да ойнаған Сергей Литовченко медициналық тексеруден өтіп, нәтижесінде оған қатерлі ісік, атап айтқанда лимфа жүйесінің қатерлі ісігі (Ходжкин лимфомасы) диагнозы қойылды.