Қазақстан әскерилері алғашқы әскери-спорт ойындарында үшінші орын иеленді

Бүгін Мәскеуде өтіп жатқан ТМД елдері арасындағы Бірінші әскери-спорт ойындары өз мәресіне жетті. Қазақстан армиясының құрама командасы жарыста үшінші орынды иеленді.

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлімдегендей, біздің әскерилер барлығы 47 медальға, атап айтсақ – 7 алтын, 16 күміс және 24 қола жеңіп алып, Қырғызстан, Тәжікстан және Армения елдерінің спортшыларын артта қалдырды.

Алғашқы әскери-спорт ойындарында Қазақстанның атынан ҚР ҚМ Армияның орталық спорт клубының атақты әскери спортшылары шықты. Суда жүзу, дзюдо, қоян-қолтық күрес, гір спорты, офицерлік үшсайыс және штаттық қарудан оқ ату бойынша сайысқа түскен біздің сарбаздар жүлделі орындарды жеңіп алды. Жарысқа алты елден барлығы 300-ден астам әскери қызметші қатысты.

Бірінші орынды ресейдің атлеттері, ал екінші орынды – Беларусь армиясының құрамасы жеңіп алды.

Ертең, 1 тамыз күні Халықаралық армиялық ойындар басталатынын айта кеткен жөн. Қазақстан осы ауқымды шара аясында үш түрлі сайысқа қатысады. Атап айтқанда, олар «Танк биатлоны», «Авиадартс» және «Каспий теңізі» (теңіз биатлоны).

Ағымдағы жылдың 1-15 тамызы аралығында біздің 20 танкшы Мәскеу облысына қарасты «Алабино» полигонында өтетін 13 мемлекет өкілдерімен бірге шеберліктерін сынайды. Дәл осы уақытта Рязань, Сызрань және Липецк қалаларының әуе айлақтарында Миг-29, Су-25, Су-27 және Ми-8 қазақстандық ұшу экипаждарының қатысуымен «Авиадартс» өтеді. Ал Ресейдің Каспийдегі акваторияларында бұл сәтте «Сарыарқа» және «Орал» зымыранды-артиллериялық кемелерінде ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің әскери теңізшілері және «Батыс» өңірлік қолбасшылығының теңіз жаяу әскерлерінен құралған бригадасы теңіз биатлонының жүлделі орындары үшін сайысқа түсетін болады.

BNews.kz сайтының материалы бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или